Бейсенбі, 28 қараша, 10:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Ірі есірткі алқабын анықтады

15.06.2021

1151 0

Қызылорда облысы ПД-ті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс көлемінде өтіп жатқан «Қарасора-2021» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ірі есірткі алқабын анықтады.

Тәртіп сақшылары қала орталығының тұрғынының үйін тексеру кезінде ауласында және гаражында есірткі затына ұқсас өзіне тән хош иісі бар, өсіруге тыйм салынған, күтіп-бапталған өсімдіктерін анықтады. Оның ауласынан 189 түп есірткі өсімдігіне ұқсас өсімдіктер, сондай-ақ үй ауласындағы гараж ішінен газет қиындысына оралған жасыл түсті өсімдік тәріздес 2-дана зат, есірткі тұтынуға арналған құрал, бақшасынан 1-дана кетпен, анықталды. 

Жүргізілген сапартама нәтижесінде 189 түп өсімдік «сора» екені белгілі болды, ал гараждан алынған өсімдік «кептірілген марихуана» болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 300-бабының 2-бөлігімен (Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда полицейлер күдіктінің өз үйінде есірткіні қандай мақсатта өсіргенін анықтауда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: