Сейсенбі, 24 желтоқсан, 05:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Кәсіпкер мен шенеуніктер курортқа таласуда

22.08.2023

425 0

Павлодар облысында Жасыбай көлінің жағасындағы курорт үшін кәсіпкер мен жергілікті билік соттасуда. Сот демалыс аймағын мемлекетке қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Астана арнасы хабарлайды.

Кәсіпкер сот шешімімен келіспейді. Айтуынша, үш жыл ішінде оның нарықтық құны өсті, әрі ол ауқымды құрылыс жүргізгенін айтады. Ескі ғимараттар жөнделіп, вилла мен моншалар салынған. 

Көл жағасындағы тозығы жеткен екі ғимаратты 2020 жылы құрылыс материалдарын шығаратын жергілікті компания сатып алды. Құрылыс басталып, оны 2022 жылы жаңа иесі Ардақ Нұркебаев жалғастырған. Айтуынша, ешқандай заңбұзушылықтар анықталмаған, құжаттары дұрыс, сол себепті жұмысты бастап кеткен.

Қазір бес гектар жерде екі қонақ үй ғимараты, 10 вилла, монша, 11 киіз үй және коттедж бар. Бірақ биыл табиғатты қорғау прокуратурасының ұсынысы бойынша сот өтіп, бұрын сатылған ғимараттарды мемлекет меншігіне қайтару шешімі қабылданды. Шешім бойынша аймақ өте арзанға сатылған

“Неге екенін білмеймін, қазір екі нысанға қатысты дау өтіп жатыр, алайда қазір 16 жылжымайтын мүлік бар. Енді бұл сатуды жарамсыз деп танығаннан кейін қалай болмақ? Олар екі нысанды ала ма, әлде барлық 16-ны да ала ма?”, – деді демалыс аймағының иесі Ардақ Нұркебаев.

Электронды түрде ескі база 161 миллион теңгеге сатылды. Бірақ иесінің айтуынша, қазіргі курорттың нарықтық құны сегіз есе, яғни бір миллиард 200 миллион теңгеге дейін өсті. 

“”Прокуратура қадағалау актісін енгізген кезде мәмілені жарамсыз деп тану туралы мәселені жергілікті атқарушы органның қарауына қалдырды. Әкімдікке экономикалық орынды қарастыру ұсынылды, өйткені бюджетке қосымша қаржылық жүктеме түріндегі тәуекелдер келді”, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Компанияның заңгеріешкім мұндай талдау жасамағанын айтты.

Мемлекеттік орган да, прокуратура да, қаржы басқармасы да бұл экономикалық талдау жүргізбегенін айтты. Яғни олар арзандады ма, жоқ па, айта алмайды, өйткені берілген бағалау туралы есеп жарамды. Оны ешкім жойған жоқ. Ал  прокуратура ұсынған тексеру актісі бұл бағалау туралы есептің заңсыздығын растайтын құжат емес”, – деді «Асфальтбетон»ЖШС өкілі Сания Тасболатова.

“Бірінші сатыдағы соттың шешімі заңды күшіне енген жоқ. Төлем, айталық, облыстық бюджет резервінен жасалады, бұл барлық инстанциялардың шешімінен кейін анықталады”, – деп мәлімдеді Павлодар облысы қаржы басқармасының ТЖД және құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы Ринат Қияқбаев.

22 тамызда облыстық сот кәсіпкердің шағымын қарауы керек. Иесінің айтуынша, ол тіпті курорттық кешеннің нарықтық құнын толық өтеуге келісуге ниеті жоқ және барлық сатыдағы соттардан өтуге дайын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: