Рамазан – сауап еселеп жазылатын мәртебелі ай. Осы ретте, ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесінің қызметкерлері ораза күнінде орайын тауып, қайырымдылық жасауға ниеттенді.
Арнайы азық-түлік себетін дайындап, көп балалы отбасыға көмек көрсетті. Ұжым мүшелерінің ізгі амалы – алғыс арқалауға арқау.
– Қасиетті айда қол қусырып отырмай, қайырымдылық жасағанды жөн көрдік. Бұған дейін де мекеме қызметкерлері жақсылық жасауда шет қалған емес. Жолымыздан жаңылмай, бүгін де қажетті азық-түлікті алып, көпбалалы отбасыға табыстадық. Берекесі мол айда бата мен алғысқа бөленсек, қуаныштымыз, – дейді жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының аға инспекторы әділет капитаны Динара Шахи.
Иә, жасаған жақсылықтың құмға сіңген судай жоқ болып кетпесі анық. Әсіресе, қасиетті айдағы түзу ниет пен пейілдің кеңдігі адамды кем қыла қоймас. Мұны жете түсінетін мекеме қызметкерлері игі бастамалардың жаршысы болып жүре бермек.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!