Бейсенбі, 28 қараша, 03:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

Мекемеде суицид тақырыбында жедел кеңес өтті

10.09.2021

752 0

10 қыркүйек – бүкіләлемдік суицидтің алдын алу күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде жедел кеңес өтті. Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Қанат Дайрабаевтың төрағалығымен жүргізілген жедел кеңеске барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, жеке құрам қызметкерлері қатысты. Мекеме бастығының орынбасары Қ.Дайрабаев қазіргі таңдағы қоғамда өзекті мәселе болып отырған суицид мәселесін айтып, ішкі істер органдарындағы жас қызметкерлер арасында семинар – тренингтер жиі өткізілу қажет екендігін атап өтті.

Одан соң ЗК-169/4 мекемесінің кадр жұмысы тобының инспектор-психологы әділет лейтенанты М.Маханова өз баяндамасында суицидтің айықпас дерт екенін, бұл дерт қазіргі күннің өзекті жан ауыртар мәселесіне айналып отырғанын, ішкі істер органдарында қызмет атқаратын қызметкерлердің арасында суицид жағдайын болдырмау және оның алдын-алу да қазіргі уақытта ең өзекті мәселе болып отырғандығын, суицидтің алдын-алуда тек психолог маман емес, әрбір басшы өз ұжымын жақсы танып, қызмет барысында бақылау жасап отыру да қажеттігін айтып өтті. Егер де, тұлға әрбір күнге шүкіршілік етіп, ризашылығын білдіретін болса, онда қандай да бір депрессиялық күйге түспейтіндігін, қандай да бір күйзеліс фактілеріне душар болмайтындығын айтып, қызметкерлерге өздерін жақсы көруге, жақсы нәрселерді ойлауға бейімделу керектігін түсіндіріп, оған шалдыққан адамдарға немесе осыған бейім жандарға алғашқы көмегі туралы әдістерді туралы толық мағлұмат берді.

Шара барысында қатысушылардың тарапынан сұрақтар қойылып, психолог маман жауап берді.

Алдағы уақытта жеке құрам қызметкерлерімен семинарлар, оқулар, тренингтерге басқа да құқық қорғау органдары психологтарын шақыртып іс-шаралар ұйымдастыру өз жалғасын табатын болады деп жедел кеңесті қорытындылады.

Қызылорда облысы бойыншща ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: