Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың пікірінше, олардың негізгі жұмысынан бөлек басқа да табыс көздері болуы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.
Үкімет кулуарында журналистер Әлібек Қуантыровтан «Мемлекеттік қызметкерлерде 507 миллион теңге қайдан жүр?» деп сұраған еді.
Олар жинап жүрген ақшасын жарататын шығар. Лудоман болған адамның басқа да табыс көздері болуы мүмкін, қарызға алады дегендей. Әркімнің өзіне байланысты. Мұндай адамдар тек мемлекеттік қызметте ғана емес, барлық жерде бар,
— деді министр.
Алматы облысындағы казиноларда мемлекеттік қызметкерлердің миллиондап ақша жаратқанын Экспресс К жазған болатын. Олардың арасында полицейлерден бастап түрлі деңгейдегі әкімдік қызметкерлері бар. Кейбірі тіпті ойын ойнауға басқа қалалардан келетін болған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!