Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 21:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Өзгенің атынан екі ұялы телефон рәсімдеген әйел ұсталды

13.05.2021

2154 0

Қызылордада өзгенің атынан екі ұялы телефон рәсімдеген әйел ұсталды

12-14 мамыр күндері аралығында Қызылорда облысы аумағында ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, жасалатын құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған “Hi-tech” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның бір күнінде полиция қызметкерлері ақпараттық технологияларды пайдаланып жасалған алты қылмыстың ізін суытпай ашты.

Мәселен, интернет дүкеннен өзгенің атынан қымбат екі ұялы телефон рәсімдеген әйел ұсталды. 6 мамыр күні сағат 15:35 шамасында белгісіз біреу алаяқтық жолымен облыс тұрғынының атынан интернет дүкеннен заттай несие рәсімдеп, құны 363 990 теңге тұратын “Iphone 11” маркалы және 189 890 тенге тұратын “Samsung S10” ұялы телефондарын алған. Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

Бір телефон айғақ зат ретінде алынса, екінші телефонды күдікті әйел сатып үлгерген. Қазіргі уақытта бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: