Бейсенбі, 28 наурыз, 16:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Аудан тұрғыны заңсыз қару алып жүрген

26.08.2021

403 0

Облыс бойынша өтіп жатқан «Құқық тәртібі» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 25 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен Жанадария ауылы орталығында 42 жастағы ауыл тұрғынын тоқтатып тексеру кезінде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ, «ТОЗ» маркалы, 16 калибрлі, 2 ұңғылы аңшы мылтығын алып жүргені анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482 – бабымен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: