Жұма, 05 шiлде, 15:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№52-2062
02.07.2024
PDF мұрағаты

Пробация есебіндегі 15 сотталған жұмысқа жолдама алды

21.05.2024

183 0


    Қызылорда қаласының Мансап орталығының ұйымдастыруымен сол жағалаудағы  «Болашақ» университетінің ғимаратында  «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті.
     Аталған іс-шараға қалалық пробация қызметі есебіндегі 40 жұмыссыз сотталған қатыстырылды. Жұмысқа орналасуға ниет білдірген сотталғандар жұмыс берушілерден кеңес алып, ұсынылған бос жұмыс орындары және мамандықтар бойынша өздеріне қажетті мәліметтер алды.
     Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту болып табылады.

  • Бүгінгі шарадан өзіме жұмыс таптым. Адал еңбекпен жұмыс жасап, отбасымды асырасам деймін. Жұмысқа орналасуымызға көмек көрсеткен пробация қызметіне алғысым шексіз»,-деді есептегі азамат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: