Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 60 мекемесінде өткен «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында А.Н деген азамат жаза мерзімінің аяқталуына байланысты бостандыққа шықты. Жобаның мақсаты – түрмеден босатылған азаматтардың жұмысқа орналасып, олардың қоғамға бейімделуіне жол ашу, құжаттандыру, әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіруге жәрдемдесу болып табылады.
Мекеменің ЕТО инспекторы, әділет майоры Самал Насырованың ұйымдастыруымен өткен кездесуге аталған мекеме психологы Айбек Орынбаев және қылмысық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімделу мен оңалту оралығының қызметкері мен Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлуметік бағдарламалар бөлімі қызметкерлері қатысты.
Жиын барысында азаматқа қайталанған құқық бұзышылыққа жол берген жағдайда қандай жауапкершілікке тартылатыны ескертіліп өтті. Сондай-ақ, ҚАЖД №60 мекеме мамандары бостандыққа шыққан азаматпен алдағы уақытта әлеуметтік ортаға қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізетінін атап көрсетілді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!