Қызылорда облысы көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Шара барысында 23 күнде жол қозғалысы ережесін бұзудың – 7723 дерегі анықталды. Оның ішінде көлік құралын жалған және қолдан жасалған МТНБ-мен басқарған -8, тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарған-85, мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқарған-385, көлік құралын басқару кезінде телефон пайдаланған-421, белгіленген жылдамдық мөлшерін арттырған-1078, қауiпсiздiк белдіктерiн пайдалану қағидаларын сақтамаған-1710, маневр жасау қағидаларын бұзған-239, жолдың қарсы бағытына шыққан-11, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өткен -111 жүргізуші анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық хаттамалар толтырылды.
Сонымен қатар қозғалыста жаяу жүргiншiлердің жүруiне басымдық бермеудің-225, соқтығысу сәтін туғызудың -62, жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік масаң күйдегі адамның басқаруына берудің-70, құжаттары жоқ адамның көлiк құралын басқарудың-194, көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның басқаруы-26, жаяу жүргіншіге жол бермеудің -561 деректері анықталды.
495 автокөлік айып тұрағына қойылып, 380 автокөліктің қозғалысын шектеу мақсатында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды.
Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табуда және басшылықтың қатаң бақылауында.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!