Жұма, 20 ақпан, 18:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Қауіпсіздікті күшейту қаперден шықпайды

20.02.2026

67 0

Көңілді күпті ететін күмән болмаса, ілгерілеуде де іркіліс байқалмайтыны анық. ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі қауіпсіздікке қырын қарамай, “Допинг” жедел-профилактикалық шарасын өткізді. Мұндағы мақсат – мекеме аумағында құқықбұзушылықтың алдын алу, есірткі және өзге де тыйым салынған заттардың жолын бөгеу және белгіленген режим талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.

Іс-шараға полиция қызметкерлері мен арнайы үйретілген қызметтік ит жұмылдырылды. Тексеру барысында жазасын өтеушілерге әкелінген сәлемдемелер тексерілді. Сонымен қатар, шаруашылық бөліміне қалдырылған жазасын өтеушілердің жатақхана бөлмесінің де мұқият қаралғаны тексерістің тиянақты екенін аңғартқандай.

– Мекемеде белгіленген талаптардың мүлтіксіз орындалуы – басты назарымыздағы мәселе. Осыған байланысты арнайы іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл жұмыстарға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы үйретілген иттер қатыстырылып, мекеме аумағы толық қамтылады. Мұндай шаралар арқылы заңсыз әкелінуі мүмкін дүниелердің алдын алып, ішкі жағдайдың тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік бар. Демек, тәртіпті нығайтудың тиімді жолы десек артық емес, – деді мекеменің режим және күзет бөлімінің бастығы әділет капитаны Азат Батырбеков.

Иә, қандай да бір күдік сейілсе, жұмыс та жүйесін бұзбайтыны рас.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: