Бейсенбі, 05 наурыз, 12:41

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда скинхед қозғалысын қолдаған жасөспірім сотталды

05.03.2026

48 0

Фото: Zakon.kz.

Семей қаласында жасөспірім ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облыстық сотының мәліметінше, 2025 жылдың ақпанында кәмелетке толмаған скинхедтер деп аталатын нәсілшіл қозғалыстың жақтаушысы Telegram мессенджерінде «Skinheads industries-Semey» атты чат құрған.

Топтың әкімшісі болған ол чатта адамдарды ұлттық белгісі бойынша кемсітетін мәтіндік және аудиохабарламалар жариялап отырған. Атап айтқанда, Үндістаннан келген студенттер мен олардың мәдениетін қорлайтын сөздер айтқан.

Сонымен қатар жасөспірім чат қатысушыларын өз көзқарасын қолдауға және басқа адамдарды, соның ішінде кәмелетке толмағандарды да қауымдастыққа тартуға шақырып, Семей қаласы аумағында экстремистік идеяларды таратуға үндеген.

Сотта жасөспірім кінәсін толық мойындап, өкініш білдірді.

Сот ҚР Қылмыстық кодексінің кәмелетке толмағандарға қатысты жазаны жеңілдетуді көздейтін 55-бабы 2-бөлігі 2-тармағын ескере отырып, оған 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 81-бабының 6-бөлігіне сәйкес, кәмелетке толмағандарға бас бостандығын шектеу жазасы 2 жылға дейінгі мерзімге тағайындалатыны ескерілді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Сот өкілдері ұлтаралық араздықты қоздыру, адамдарды ұлттық белгісі бойынша қорлау және өшпенділікке шақыру – интернетте жасалған жағдайда да қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: