Сенбі, 21 желтоқсан, 22:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда жүргізуші куәлігін беру тәртібін күшейту ұсынылды

26.10.2022

733 0

Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова жүргізуші куәлігін беру тәртібін қатаңдатуды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Депутат жүргізуші куәлігін беру ережелеріне қойылатын талаптарды күшейту қажеттілігі туралы айтып, премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға депутаттық сауал жолдады.

«Елімізде жыл сайын 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алады. Екі мыңнан астам адам қаза тауып, 18 мыңнан астамы жарақат алады. Жыл сайын жол-көлік оқиғаларының көбеюі елді алаңдатады», – деді Нұрымова мәжіліс отырысында.

Депутат 2019 жылы теориялық және практикалық емтихандарды өткізу бойынша тіркеу-емтихан бөлімшелерінің функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілгенін атап өтті.

«Қазір 747 оқу орталығы мамандарды даярлауда. Алайда көбісі формальді түрде оқытатыны байқалды. Материалдық-техникалық базасы жоқ, жай ғана куәлік басып шығаратын мектептердің саны артты», – деді ол.

Гүлдара Нұрымова болашақ жүргізушілердің өздігінен оқуына қарсы. Ол куәлік алуға байланысты бірнеше талаптар ұсынды.

“- Алғаш рет жүргізуші куәлігін алатындар үшін онлайн және өздігінен оқуды жою немесе емтихан процесіне қойылатын талаптарды арттыру керек.

– Облыс орталықтарында емтихан тапсыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді ескере отырып, арнайы ХҚО-да емтихандарды тапсыру тәртібін қайта қарау қажет.

– Жүргізушілерді даярлаудың мемлекеттік стандарттары мен ережелеріне аудит жүргізіледі.

– Оны жүзеге асыруда өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен кәсіби бірлестіктерді, сондай-ақ «Атамекен» кәсіпкерлер палатасын тарта отырып, автомектептердің бақылауы мен жауапкершілігін қамтамасыз ету тиіс”, – деп түсіндірді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: