Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ департаменті бірінші жартыжылдықты қорытындылады

19.07.2022

750 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы әділет подполковнигі Есенкелдиев Шаймерден Тәжіқұлұлы жеке құрам қызметкерлерінің, мекеме бастықтарының қатысуымен жедел кеңес өткізіп, біріншіжартыжылдықты қорытындылады. Жедел кеңес барысында Департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы ІІМ Алқа отырысында пысықталған шешімдер мен берілген тапсырмаларды жеке құрам назарына жеткізді.


Жедел кеңесте ҚАЖ департаментінің 2022 жылдың біріншіжартыжылдығы бойынша жедел-қызметтік жұмыстардың қорытындысы туралы департамент бастығының режим және қадағалау жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет полковнигі М.Нәкенов баяндама жасады. Орынбасардың сөзінше 6 ай ішінде ҚАЖД ведмостволық бағынысты мекемелердің аумағына сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды өткізу дерегі, тінту жұмыстары және жазасын өтеушілермен өткізілген тәрбиелік шаралар, ізгілендіру актілерін қолданылуы түзеу мекемесінен босатылған, жаза мерзімі қысқартылған сотталғандар туралы айтып өтті. Сонымен қатар жедел кеңесте сотталған азаматтардың жұмыспен қамтылуы, оларға көрсетілетін медициналық көмектің көрсетілуі және тылмен, қаржымен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстары баяндалды.


Жедел кеңесті қорытындылаған Департамент бастығы Шаймерден Тәжіқұлұлы ҚАЖ мекемелерінде алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруды және олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізуді, медициналық, психологиялық көмектер беруді тапсырды. Сондай-ақ Орталықтандырылған автоматтандырылған деректер қорына сотталғандар туралы мәліметті(атқару парақтары, сотталғандарды көтермелеу, жазалау шаралары, сотталғандардың тұрғын-үй жайларға орналастырылуы, кәсіптік білім алуы, жұмыс орындарының көрсетілуі) уақытылы енгізуді тапсырды. Аудандық және қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқаруды және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстардың жүргізілуіне нақты тапсырмалар берді.

Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: