Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 11:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҚАЖ қызметкерлеріне «Діни экстремизм мен терроризм- әлемге төнген қауіп» тақырыбында семинар өтті

29.05.2024

344 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД №60 мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспектор психологы әділет капитаны Мойшақ Маханова  №68 мекемесінің жеке құрам қызметкерлеріне  «Діни экстремизм мен терроризм- әлемге төнген қауіп» тақырыбында семинар кеңес өткізді.
            Семинар кеңестің мақсаты- құқық қорғау орган қызметкерлерінің кез –келген деструктивті белгілерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, экстремистік және террористік идеологияның, діни ағымдардың ішкі істер органдары жүйесіне жол бермеу және алдын алу.
            Семинар кеңеске Республикалық Ақпараттық Түсіндіру Топтың (РАТТ) мүшесі, Қызылорда облысы дін істері басқармасының аға маманы-теолог, дінтанушы Бақтияр Оспанов, «ХазретАли мешітінің» бас имамы  Төлегенов Талғат Қобланұлы және мекеменің жеке құрамы қатысты.
            Кездесу барысында дінтанушы мамандары қызметкерлерге түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, дінді дұрыс, жете түсінбеу деструктивті діни ағымдардың жетегіне ерудің алғышарты екенін жеткізді. Экстремизм  және терроризм ұғымдары, мәні, көріністер формасын жекелей айтып, қауіптілігі жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Онда жат діни ағымдардың ішкі және сыртқы сипаттары туралы, қоғам құндылықтарына кері әсері жайлы сөз өрбіді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге (инстаграм, фейсбук, телеграм, ватцап) келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.
Кездесу соңында  аталған тақырып  бойынша қызметкерлер көкейіндегі сұрақтарын теолог, дінтанушы, имамға қойып,жауаптарын алды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: