Сенбі, 21 желтоқсан, 18:58

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қонаққа келген келіншек ақша ұрлаған

04.03.2021

1413 0

Қызылорда облысы Полиция департаменті Қармақшы аудандық полиция бөліміне 03 ақпан күні аудан тұрғыны үйінен белгісіз біреулермен жарты миллион ақшасын ұрлап кеткені туралы арызданған.

Аудандық тәртіп сақшыларының жедел-тергеу іс-шараларын жүргізу барысында үйіне қонақа келген танысы үй иесінің ұйықтап жатқанын пайдаланып, түнде шкаф ішінен ақшасын ұрлаған 1989 жылы туған күдікті азаматшаны анықтады. Ол көрші ауылдан келген.

Күдікті ұсталып, аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайларын анықталуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: