Жұма, 26 сәуiр, 11:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сексеуілді заңсыз тасымалдағандар ұсталды

19.01.2021

985 0

15 қаңтар күні сағат 11:15 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау тобының және «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері бірлесіп,  Қызылорда қаласы аумағында  күдік тудырған «Газель»  жүк автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында, көліктің жүк салғыш қорабынан  заңмен кесуге тыйым салынған сексеуіл өсімдігінің  тиелгендігі анықталды. Автокөлік айып алаңына қойылды.

Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының талаптарына сәйкес, кінәлі тұлғалардың жауапкершілігі қаралуда.

Қызылорда облысы  Полиция департаментініңбаспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: