Сенбі, 21 желтоқсан, 21:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы

27.02.2024

667 0

Фото: kapital.kz

Бүгінгі таңда заң саласында өзекті мәселелердің бірі – Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Заңы болып табылады.

Ол Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Аталмыш Заң үш түрлі салада қолданылады.

Заңның бірінші қолданылу нысаны – дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген Қазақстан Республикасы азаматының төлемге қабілетсіз болуына байланысты туындайтын қатынастарға қолданылады.

Екіншісі, кредиторлардың талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауына байланысты дара кәсіпкерлерде туындайтын қатынастар Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында реттеледі.

Соңғы үшіншісі – сот төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану, сондай-ақ бітімгершілік келісім жасасу туралы арызды осы Заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.

Сондай-ақ, бұл заң бойынша рәсімдерді борышкердің өзі ғана бастай алады. Ал нәсие беруші тарап бұл заңға жүгіне алмайды. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беру үшін қаралатын негіздер, Заңның 6-шы бабында көрсетілген.

Банкроттық туралы Заң рәсімдердің 3 түрін қарастырады.

Олар: соттан тыс банкроттық, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Бірінші рәсім мына шарттар негізінде орындалады: – азаматтардың банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлар алдындағы қарызы 1 600 АЕК-тен, яғни 5 млн 900 мың теңгеден аспаған, мүлкі жоқ және қарыз бір жыл ішінде өтелмеген жағдайда қарастырылады.

– екінші рәсім қарыз 5 млн 900 мың теңгеден асады, сот банкроттығы кезінде борышкердің барлық мүлкі сауда-саттыққа түседі, кредитор борышкердің тұрғын үйі кепілде тұрған жағдайда алып қоюға құқылы болып табылады.

– үшінші рәсім банкроттыққа жатпайды. Тұрақты табыс болған жағдайда 5 жылға дейін бөліп төлеу арқылы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруді көздейді.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және сот арқылы банкроттық рәсімдерінде қаржы басқарушысының қызметін мемлекеттік бақылау тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.

Тексеруді және бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалады.

Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріне қатысушылардың өзара іс-қимылы деп: егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріне қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға құқылы деп белгіленген.

Атап өтетін болсақ, борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын өзі дербес орындайды.

Кредиторлар өздеріне борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының орындалу барысы туралы тұрақты негізде ақпарат беру міндетін борышкер үшін белгілеу не бақылау жөніндегі функцияларды кредиторлардың біріне жүктеу арқылы төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының орындалуын бақылауды жүзеге асыруға құқылы.

Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындау мерзімі аяқталғаннан кейін, борышкер мерзім аяқталған күннен кейінгі күні кредиторларға төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының орындалғаны туралы хабарлама жібереді және рәсімді аяқтау туралы өтінішхатпен сотқа жүгінеді.

Ал сот борышкердің өтінішхаты келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін аяқтау туралы шешім шығарады, онда:

1) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін аяқтау;

2) борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру;

3) борышкердің осы баптың 3-тармағында көзделген міндеттемелерді орындау жөніндегі міндетін сақтау туралы нұсқаулар қамтылады.

Ерғали Әмірханұлы

                                                   Қызылорда қалалық сотының судьясы                                                                                                                           

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: