Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында ұйымдастырылатын акцияның негізгі мақсаты – әлеуметтік қолдауды қажет ететін, көпбалалы отбасылардан шыққан, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына материалдық және өзге де көмек көрсету.
ҚАЖД №60 мекемесінің бастығы Мақсұт Өтегенұлы мекеме қызметкерлерімен бірлесіп, үш бірдей көмекке мұқтаж көпбалалы отбасын алда келе жатқан Конституция күнімен және 1 қыркүйек білім мерекесімен құттықтай отырып, жаңа оқу жылына қажет құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген сөмке табыстады.
Көмекке мұқтаж жанның бірі екі баласын колледжге, ал үшеуін мектепке дайындап жатқан ата-ана үшін бүгінгі игі іс үлкен көмек екенін айтады.
- Бүгін «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетіп жатқан №60 мекеме бастығы Мақсұт Өтегенұлына және ұжымына алғыс білдіремін. Алланың нұры жаусын. Биыл бірінші рет қатысып жатырмын. Өзім де, жолдасым да аз ғана табыс табатындықтан бес баламды оқу жылына толықтай дайындау қиынға түседі. Мұндай іс-шара біз секілді көп балалы отбасыларға үлкен көмек екені сөзсіз. Балаларым дән риза, – деп өз қуанышымен бөлісті.
Игі шараға мекеме қызметкерлері де өз үлесін қосып, аз қамтылған екі отбасыға көмек қолын созды.
Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!