Сенбі, 21 желтоқсан, 21:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада 19 жастағы азамат газ құю бекетін тонады

25.02.2021

1206 0

(сурет интернет желісінен алынды)

24 ақпан күні таңғы сағат 06:15-те қала орталығында орналасқан  газ құю бекеттерінің бірінде бетіне бетперде киген белгісіз азамат, тапаншаны және үшкір затты пайдалану арқылы қорқытып, кассадан ақшаларын, ұялы телефонын және талондарды  алып кеткені жөнінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасына хабарлама түскен. Келтірілген материалдық шығын 104 мың теңге. Оқиға барысында зардап шеккендер жоқ.

 
       Басқарма қызметкерлерінің, жедел уәкілдердің кәсіби шеберлігінің, жедел-іздестіру шараларының арқасында «ізін суытпай»  облыс орталығының тұрғыны 2002 жылы туған азамат ұсталып, қазіргі таңда, уақытша ұстау изоляторына қамалды.


    Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 192 – бабының 3 – бөлігі 4 – тармағы (Қарақшылық, тұрғын, қызметтiк, өндiрiстiк үй-жайға не қоймаға заңсыз кiрумен жасалған қарақшылық)  бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.  


       Құрметті жеке кәсіп иелері! Орын алған жағдайға байланысты, қандай да бір құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында ғиматтарыңызға бейнебақылау камераларын орнатуларыңызды сұраймыз!

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: