Сенбі, 11 мамыр, 01:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Жол полициясымен бірге түскен сурет, бейнежазбаны интернетке жариялауға тыйым салынуы мүмкін

12.01.2024

567 0

фото: Н.Нұржаубай

Енді жол полицейлерінің сурет-видеоларын интернетке жариялауға тыйым салынуы мүмкін. Өзбекстанда осындай заң қаралып жатыр. Сенаттың қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитеті жол қозғалысы қауіпсіздігін жетілдіру үшін заңнамаға енгізілген түзетулерді талқылады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл заң қабылданса, осы әрекет үшін 17 миллион сум айыппұл салынуы мүмкін немесе 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынады. Бұл норма халық арасында резонанс тудырып, әлеуметтік желілерде кең талқыланды.

Айта кетейік, Өзбекстанда 2022 және 2023 жылдары әлеуметтік желіде өз міндетін атқарып жүрген жол полициясы қызметкерлерінің 250-ден аса сурет-видеосы тараған. 

Заңды әзірлеу кезінде шетелдік тәжірибе зерттелгені айтылды. Бірқатар дамыған елдің заңдары құқық қорғау органдары қызметкерлерін қызметін атқарып жүрген кезде суретке түсіруге немесе сол суретті желіге жариялауға тыйым салады.

«Өзбекстан заңнамасы ішкі істер қызметкерлерін суретке түсіруге тыйым салмайды, тек құқық қорғау органдарының беделін түсіру немесе қорлау мақсатында түсірілген суреттер мен видеоларды таратуға болмайды. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған», – деп жазылған жергілікті басылым мәліметінде.

Комитет мамандар, сарапшылар, жұртшылықпен заң бойынша қосымша талқылаулар өткізуді жоспарлап отыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: