Қызылорда облысы бойына экономикалық тергеп-тексеру департаменті бюджет қаражатын жымқырған азаматшаның жолын кесті.
Халықты әлеуметтік қоғау саласының бас маманы Д.Мухтарқызы 2018-2024 жылдар аралығында өзiнiң қызмет бабын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп жымқырған.
Атап айтқанда, қызметін атқара жүріп, өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерге сәйкес қызметкерлердің айлық табысын есептеу барысында үнемделген жолмен артылып қалған ақша қаражаттарын жымқырып, қасақана пайдакүнемдік мақсаттағы ниетін жүзеге асырған.
Нәтижесінде 24 700 000 теңге қаражатты бас пайдасына жұмсап, мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірді.
Тергеп-тексеру барысында сотталушы кінәсін мойындап, оған сот үкімімен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен кінәлі деп танылып, 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтейтін болады. Онан бөлек ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі қолданылып, он төрт жасқа толмаған баласы бар әйел ретінде жазасын орындау бес жылға дейін, бірақ бала он төрт жасқа толғаннан аспайтын мерзімге кейінге қалдырылып, пробациялық бақылау белгіленді.
Қызылорда облысы бойынша
экономикалық тергеп-тексеру
департаменті
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!