Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада көші-қон заңнамасын бұзудың 50 дерегі тіркелді

31.03.2021

1229 0

Наурыз айының 15-19 күндері аралығында қала көлемінде заңсыз көші-қондылық арналарын анықтау және жолын кесу, қоғамдық тәртіпті сақтау, сонымен қатар көші-қондылықты бақылау жұмыстарын жүзеге асыру кезінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының  көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлерімен 50 заңбұзушылық анықталды.  Атап айтқанда:

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517 – бабының 5 – бөлігімен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметті визада көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан көрінген, Қазақстан Республикасның халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы немесе халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уакілетті орган берген өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі  туралы анықтаманы  немесе жұмысқа орналасуға рұқсатты алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып табылатын жағдайда, мұндай анықтаманы не рұқсаттарды алмастан) Өзбекстан Республикасының 40 азаматына Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен шара көрілді. 

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 518 – бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамадарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) Қазақстан Республикасының 7  азаматына ескерту жасалды  және 519 – бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша  Қазақстан Республикасының 3 азаматына айыппұл салынды.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің басшылығымен аталған бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында  Көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берілді.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: