Бейсенбі, 25 сәуiр, 07:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Ұялы телефон ұрысы ұсталды

29.03.2021

1360 0

6 ақпанда полицияға облыс орталығының тұрғыны арызданған болатын. Белгілі болғандай, кафелердің бірінде  жәбірленушінің құны 380 000 теңге тұратын «Айфон -11» үлгісіндегі  смартфоны ұрланған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады. Ол бұрын сотты болған, 1973 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Ұялы телефон иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тергеу жұмыстары  жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: