Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық полицейлер жоғалған баланы анасына тапсырды

24.03.2021

1095 0

22 наурыз күні сағат 06:00 шамасында Қызылорда облысы Шиелі ауданының кезекші бөліміне сол ауданда тұратын кәмелетке толмаған 5 жасар бала үйінен белгісіз бағытқа шығып,  оралмағаны туралы хабар түсті.
       Жоғалған баланы іздеу үшін бүкіл  полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері барлық полиция учаскелеріне бағыт-бағдар беріп, адамдар көп жиналатын орындарды, шатырлар мен  қараусыз қалған ғимараттарды тексерді.

      Полицейлермен жүргізілген іздестіру жұмыстары барысында жоғалған бала аудан орталығында табылып, аман-есен үйіне оралды. Бүгінгі таңда  баланың анасымен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

        Бұл ретте, тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмағандар арасындағы  құқық бұзушылықтардың  алдын-алу, ескерту, жол бермеу және олардың құқықтарын қорғау мақсатында бақылауды күшейту қажет екендігін ескертеді.

       Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: