Сенбі, 27 сәуiр, 06:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

2,5 миллион теңгені жымқырған алаяқ ұсталды

19.01.2021

992 0

2020 жылы Қызылорда қалалық Полиция басқармасына облыс орталығының 5 тұрғыны алаяқтық деректері бойынша өтініш білдіріп, өз қаражаттарын қайтаруға  арызданып, көмек сұрады.

    Анықталғандай, бір әйел өткен жылдың басында өзін құрылыс басқармасының қызметкері ретінде көрсете отырып, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алуға көмектесетінін алға тартып, 2 500 000 миллион теңге көлеміндегі соманы иемденген.

    Жедел –іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлерінің кәсібилігінің арқасында 1991 жылы туған облыс орталығының, бұрын сотты болған тұрғыны анықталып, ұсталды. Алаяқ өз ісін мойындады.

    Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі 4- тармағы (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: