Сәрсенбі, 20 қараша, 15:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Сотталғандар үшін соңғы қоңырау соғылды

25.05.2024

217 0

Сурет:dzen.ru

Қызылорда облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты 37 мекемесінде жазасын өтей жүріп, орта білім алған сотталғандар соңғы қоңырау қақты. Салтанатты шараға Шиелі аудандық білім басқармасына қарасты кешкі мектеп мұғалімдері, мекеме қызметкерлері қатысты.
Кешкі мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Ә.Байтілеуова қатысушыларды мерекесімен құттықтап, оқу барысында үлгілі тәртіптерімен үздік нәтиже көрсеткендерді мақтау қағаздарымен марапаттады.
– Қылмыстық атқару кодексінің талабына сай 30 жасқа дейінгі сотталғандарға орта білім алу міндеттелген. Мұндағы орта білімі жоқ 9 адам білім алды. Енді маусым айында емтихан тапсырып, 9сынып бітіргендер негізгі орта білімі және 11 сыныпты бітіргендер орта білімі туралы аттестат алады , – деді мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары, әділет майоры Қ.Дайрабаев.
– Жастық шақта аңғалдығымнан жаза басып, құқық бұзғаным үшін жазамды өтеп жатырмын. Осының салдарынан оқи да алғаным жоқ. Мекеме қызметкерлерінің көмегімен кешкі мектепте білім алдым. Ұстаздар еңбегінің нәтижесінде орта білімімді растайтын құжат алатын боламын Осы үшін мекеме әкімшілігі мен кешкі мектеп ұстаздарына алғыс білдіремін, – дейді жазасын өтеуші.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: