Дүйсенбі, 30 наурыз, 11:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№22 (2234)
28.03.2026
PDF мұрағаты

Атқарушылық іс жүргізуде Халықаралық тәжірибе

30.03.2026

54 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда жазылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

Атқарушылық іс жүргізудің халықаралық тәжірибесі сот шешімдерін жедел әрі тиімді орындау үшін жеке сот орындаушылары институтын дамытуға, цифрланддыруға және халықаралық ынтымақтастыққа негізделген. Көптеген елдерде (Еуропа, АҚШ) жеке жүйе мемлекеттік монополияны ысырып , борышты өндіру жылдыамдығын арттырды, бұл Қазақстанда да сәтті енгізілуде.

Атқарушылық іс жүргізудегі негізгі халықаралық тәжірибелер:

1.Жеке сот орындаушыларының басымдығы. Көптеген елдерде (мыслы Франция, Бельгия) атқарушылық құжаттардың басым бөлігін жеке сот орындаушылар орындайды. Бұл істің орындалу пайызын арттырады.

2. Цифрландыру және автоматтандыру: Борышкердің мүлкі мен банк шоттарын электронды базалар арқылы жедел іздеу және бұғаттау (электронды реестрлер).

3. Халықаралық ынтымақтастық: Шетелдік сот шешімдерін тану және орындау бойынша конвенцияларды қолдану (мысалы Гаага, Минск конвенциясы).

4. Борышкерлерге қатысты шектеулер: Борышкердің елден  шығуына тыйым салу, жүргізуші куәлігін уақытша тоқтату сияқты халықаралық тәжірибелер.

          Атап айтсақ 2024 жылдың 20 тамызынан бастап ҚР ӘМ-мен жеке тұлғаларға қатысты 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар негізінде атқарушылық іс жүргізу қозғалатын «Оңайтылған іс жүргізу (робот сот орындаушысы) жобасы іске қосылды.

          Робот сот орындаушысының ерекшелігінің бірі – оның қызметіүшін ақы алынбайды. Бұл цифрлық технология 20 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сомманы өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындауда айтарлықтай жеңілдетеді және робот сот орындаушы сы жылдам, тиімді, ашық және ақысыз қызмет көрсету арқылы халыққа пайдасы зор.

          Әділет министрлігі тарапынан атқарушылық іс жүргізу саласында цифлрландыру және автоматтандыру бағытында шаралар өз жалғасын табады.

М.Ермекбаев

Қызылорда облысының Әділет департаментінің   сот орындаушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: