Әскери қызметшілер үшін жаңа оқу кезеңі мемлекеттік-құқықтық дайындық сабағынан басталады.
Қызылорда гарнизонындағы әскери бөлім басқармасында өткен сабақтың тақырыбы ел тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі Қарулы күштердің маңызына, сондай-ақ жазғы оқу кезеңінде жоғары жауынгерлік әзірлікті ұстап тұруға арналды.
Әскери бөлімнің штаб бастығы майор Ғани Жиенқожаев жеке құрамға жазғы оқу кезеңіне арналған міндеттерді жеткізді. Олардың қатарында әскерлердің жоғары жауынгерлік әзірлігін қолдау, жауынгерлік даярлық пен жеке құрамның далалық дағдысын жетілдіру, әскери қызметшілердің моральдық-психологиялық жай-күйін нығайту және басқа да бірқатар әлеуметтік аспектілер бар.
– «Қарулы Күштердің 30 жылдығына – біздің ерен еңбегіміз!» ұранымен өтіп жатқан оқу жылына жоспарланған іс-шаралар өте көп. Алдағы уақытта өтетін түрлі жедел-тактикалық оқу-жаттығуларға тең дәрежеде қатысуымыз керек. Басты мақсат өткен оқу жылында жеткен жетістіктерді сақтап қалу, – деп атап өтті майор Ғани Жиенқожаев.
Әскери бөлім жеке құрамы 2022 оқу жылының жазғы кезеңінде де сапалы жауынгерлік дайындықпен әскери тәртіпті сақтауды көздеп отыр.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!