Судьялар құқық саласындағы ЖОО студенттерімен, заң қоғамдастығы және мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесу өткізді. Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен өткен шараға облыстық сот төрағасы,алқа төрағалары, судьялар, студенттер,заң қоғамдастығы мен мемлекеттік органдардың өкілдері және сот жүйесі қызметкерлері қатысты.
Кездесуді алғы сөзімен ашқан Қызылорда облыстық сотының төрағасы Ә.Шығамбаев, сот жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтті.
Баяндама жасау үшін сөз кезегі облыстық сот судьясы Н.Қосановқа берілді. Ол өз баяндамасында сот төрелігі мен судьялар мәртебесі туралы мәліметтерге кеңінен тоқталып, сот жүйесіндегі судьяның орны туралы ақпараттарымен бөлісті.
Мұнан соң, персоналды басқару бөлімінің басшысы Ж.Дүйсенова, судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру үшін кандидаттарға қойылатын талаптар және Сот төрелігі академиясына түсу жолдары мен ерекшеліктері туралы түсіндірме беріп өтті.
Кездесу барысында қатысушылар көтерілген тақырып аясында сұрақтарын қойып, сот жүйесі өкілдерінен тиісті жауабын алды.
Шара соңында университет оқытушылары мұндай еркін форматтағы кездесу үшін ұйымдастырушыларға ерекше алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нығайту, тәжірбие алмасу бағытындағы шараларды жиі өткізу туралы ұсыныстарын жеткізді.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!