Судьялар съезі төрт жылда бір өткізілетін, сот жүйесі мен судьялар қауымдастығының ағымдағы мәселелерін, ортаға салып талқылап, алдағы стратегиялық міндеттерді айқындайтын маңызды алаң. 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан республикалық Судьялар съезі өзіндік бағыт-бағдары айқындалған, қоғамға айтары бар жиынға айналды. Судьялар одағы Орталық Азияның судьялар ассоциациясынахалықаралық заңгерлер Одағының мүшелігіне қабылданды. Алқалы жиынның арқасында Судьялар одағы, оның әр өңірде филиалдары құрылып, ережелері қабылданды. Еліміздің сот жүйесі азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқығын тиімді қорғау мақсатында басқа мемлекеттік органдардан бұрын ақпараттық технология жетістіктерін игеріп, өз қызметіне батыл енгізгенін білеміз. Бұл ілкімділік шараларын онлайн режимге өткізу қажеттілік туған сәтте өз жемісін беруде. Өткен съезден бергі уақыт ішінде сот жүйесі қызметіне оң өзгеріс әкеліп, оның қолжетімділігін, ашықтығын, тиімділігін, арттыруға ықпал етіп, отырғанда осы цифрлық жүйе. Бүгінгі таңда сот процестерінің қажет болған жағдайда қашықтықтан өтеді. Жалпы бұл салада, жаңалық та, солардың арқасында жетіп отырған жетістік те аз емес.
Жоғарғы сот алдын ала, қарау институттарын жоюды, толық кассацияны қолдануды қаралуы 6 айдан аспайтын «ақылға қонымды мерзім» белгілеуді, сондай-ақ тараптардың міндетті түрде қатысуымен, сот процесін жүргізуді ұсынған болатын. Өз кезегінде, Жоғарғы сот органы қадағалау ісіне және сот практикасының біріңғай болуын қамтамасыз етуге баса мән беруді жоспарлауда.
Елімізде соңғы кездері, қолға алынып жатқан басты жаңалықтардың бірі, ол қоғамның қызығушылығын тудырып отырған істер бойынша сот отырысының тікелей көрсетілімін ұйымдастыруды атап өту керек. Мұндай сот отырыстарын халық көріп, өздерінің құқықтық сауатын көтеруге, сот отырыстарының жүргізілу тәртібінең қарапайымы сотта азаматтар өздерін қалай ұстау керектігін білуге мүмкіндік алды.
Бүгінге дейін өткен алқалы жиындарда сот жүйесін жандандыруға қатысты пәрменді қадамдар жасалып келеді. Сот жұмысына және судьялар қызметіне қатысты қарапайым қалам-қағаздан бастап, зәулім ғимаратқа дейінгі материалдық мәселелердің барлығы дерлік шешімін тапты.
Біздің бүгінгі мақсатымыз-ел Президентінің «Заң мен тәртіп» қағидатына сай халық заңды сыйлап, сот сенетін қоғам құру. Осы мақсатты жүзеге асыру жолдары-судьялардың кезекті съезінің ең өзекті тақырыптарының бірі болмақ.
Г.А Чингисов
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!