Жұма, 11 қазан, 05:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Мәсімов пен оның орынбасарлары неше жылға сотталуы мүмкін – Бас прокурор айтты

14.03.2022

1302 0

Мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу және лауазымдық міндеттерін асыра пайдалану күдігі бойынша қамауға алынған Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларының кінәлары дәлелденсе неше жылға сотталуы мүмкін? Бұл жөнінде бас прокурор айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мәсімов пен оның үш орынбасары қамауға алынды, сот органдары бағасын беретін болады. Қылмыстық кодексте 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Тергеу шаралары әлі күнге дейін жалғасып жатыр», – деді прокурор Берік Асылов. 

Еске салайық, ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін мемлекетке опасыздық жасады және мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген күдікпен қамауға алынған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: