Бейсенбі, 28 наурыз, 20:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Сыбайлас жемқорлықпен күрес жалпыға ортақ іс

15.09.2021

793 0

Бұрынғы өткен ата-бабаларымыз да дөп басып «тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген. Олардың әділдік пен турашылдықты ту еткендігін ғасыр қайраткерлері Төле би, Қазбек би, Әйтеке би және тағы да басқа біртуар билер мен шешендердің өмірі дәлел болатындығын біз тарихтан жақсы білеміз.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрмменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің нақты жолдарын толық белулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пеноның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенім нығайту бүгінгі күндегі мақсаты болып табылады.

Сыбайлас жемқорлықтың ерекшелігі-оның көпшілікке жария етілмеуінде. Өйткені, ол екіжақты «құпия мәміле» ретінде іске асырылғандықтан, оның ашылуына екі тарап та мүдделі болмайды. Үлкен әлеуметтік қасірет саналып отырған қылмыстың бұл түрі саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлем елдерінің қай-қайсысын да қатты алаңдатуда. Көбінесе сыбайлас жемқорлыққа адамдардың заң талаптарын білмеуінің салдарынан жол беріледі. Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтындығын көпшілік ескере бермейді.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 366-бабында көзделгендей пара алғанда және Қазақстан Республикасының ҚК-нің 367-бабында көзделгендей пара бергенде қылмыстық жауапкершілік көзделген. Яғни жемқорлық туралы айтқанда тек пара алушыларды жою арқылы жеңуге болмайды. Ол үшін пара беруге ниетті жандардың да санасына саңылау түсіріп, жегі құрттың етек жаюына өзінің де ықпал етіп отырғанын жан-жақты түсіндірген маңызды. Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты түсінбейді.

Алайда пара алу мен пара берудің қылмыстық жауапкершілігі тең деп айтуға болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі мақсаты – еліміздің Конституциялық жүйесіне және Қазақстан азаматтарының құқықтарына нұқсан келтірмеу. Сыбайлас жемқорлықтың зардаптарының бірі демократияның дамуына және қоғамға кері әсер ете отырып, заңға деген көзқарасты кері қалыптастырады. Сыбайлас жемқорлық заңсыз түрде ақша алу, қымбат зат немесе заңсыз көмек алу, лауазымдық жағдайды пайдаланып пайда табу сияқты жолдармен жасалатыны бәрімізге мәлім.

Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Н.Жиенкожа,

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының

бас маманы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: