Жексенбі, 19 мамыр, 13:08

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Мәдениет қайраткері түзеу мекемесінде жиын өткізді

17.01.2024

406 0

Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 37 мемлекеттік мекемесінде ҚР мәдениет қайраткерлерімен бірлесе отырып, түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушылар арасында шығармашылық жиын өтті.
Жиынның басты мақсаты ҚР Премьер-Министрінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 142 өкімімен бекітілген ҚАЖ мекемелеріндегі жағдайды сауықтыру 2023-2025 жылдарға арналған жол картасының тармақтарын іске асыру барысында Қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес әлеуметтік әділдікті қалпына келтіру және сотталғандардың жаңа қылмыстық құқық бүзушылықтар жасауының алдын алу болып табылады. Осыған сәйкес сотталушылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, әлеуметтік бейімделуіне көмек көрсетіледі. Сондай-ақ сотталушыларды өмірге қайта бейімдеу мақсатында № 37 түзеу мекемесінде түрлі шығармашылық жиын мен спорттық шара жиі ұйымдастырылады.
Шараға Қызылорда облыстық прокуратурасының үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмас Махмут Ахтанұлы, ҚР Мәдениет қайраткері ақын, режиссер, “Тұран” сыйлығының иегері Нұрмаханов Оңталап Дүйсенәліұлы, сондай-ақ, ҚР Мәдениет саласының үздігі, термеші, бірнеше дастандардың авторы жыршы Сәрсенбаева Майра Алшынбекқызы мен ҚР Мәдениет саласының үздігі, “ҚР Еңбек Озаттары Кітабына” енген және бірнеше жетістіктер мен салтанатты марапаттаулардың иегері Бекенова Алтын Иманбайқызы қатысты.
Жиын барысында Қызылорда облыстық прокуратурасының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Алмас Махмут Ахтанұлы сөз сөйлеп, келген қонақтарға № 37 мекемесінің тарихы мен түсінігінен қысқаша мағлұмат беріп шараны ашып берді. Сонан соң жиынға қатысқан қонақтар түзеу мекемесінің сотталушыларына жеке шығармаларын таныстырып, өздерінің өмір жолдарымен бөлісті.

Сонымен қатар, шығармашылық көңіл күй сыйлау мақсатында термеші Сәрсенбаева Майра Алшынбекқызының орындауында терме шырқалды.
Жиын қорытындысында қонақтарға мекеме әкімшілігінің атынан арнайы алғыс пен сый-сияпаттар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: