Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

 Сындарлы диалог қоғам дамуының алгоритмі

25.11.2024

848 0

Сындарлы диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауында қоғамды елең еткізерлік тұстары аз емес. Өйткені, Жолдауда көрсетілген мәселелер қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтиды. Ал, Президент Жолдауының «Азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бөлімінде көтерілген бастамалардың республикамыздың Сот және құқық қорғау жүйесіне жаңаша серпін беретіні сөзсіз.

Президент Жолдауының осы бөлімінде Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Біріншіден, судьялардың заңды және ішкі сенімді басшылыққа алып, шешім шығару құқығы мызғымас сипатқа ие екенін. Екіншіден сот шешімдерін мұқият талдау жұмысын жолға қойып, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыру қажет екенін, үшіншіден дауларды шешу барысында сот қосымша айғақтар жинақтау бастамасын көтеруге құқылы екендігін көрсетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы тағы бір тың әрі маңызды мәселеге тоқталып өтті. Атап айтсақ, жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе, балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет екендігін көтере отырып, бұл мәселені Парламент пен Үкіметке қысқа мерзімде шешуге тапсырды.

Әрине, бұл көтеріліп отырған мәселелер қазіргі таңда қоғам өмірінде  маңызды және елдің дамуы үшін қажетті  болып табылады.

Қазіргі қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай, елді жегі құрттай жеп жатқан дүние ол сыбайластық жемқорлық. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып тұрғаны баршаға аян. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс екенін айтқым келеді. Сондықтан да осы қылмысқа қатысты оның алдын алу шешу жолдары мен тетіктеріде жолдауда қалыс қалмады.

Қорыта айтқанда, жолдау елде қордаланған мәселелерді шешудің кілті, берекелі болашаққа адастырмай жол көрсететін бағдаршам.    

                                                                                Б.Ердәулет

                                                                                Қызылорда қаласының       

                                                                       мамандандырылған тергеу соты жетекші маман

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: