Жұма, 20 ақпан, 18:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13 (2225)
17.02.2026
PDF мұрағаты

Тәлімгерлік кеңес: адал қызметтің айқын үлгісі

20.02.2026

54 0

Көш бастаған кенен ой иелерінің ізінен ергендерге берері мол. Үлкен мен жас буын арасындағы сабақтастықтың мәні де осында. Мұны ескерген ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мекемесі сала ардагерлерімен тағылымды кездесу ұйымдастырды. Басты мақсат – жас қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру және қызметке деген жауапкершілігін нығайту болды.

Кездесуге тәлімгерлер тобының төрағасы Қамзаев Талғат Салықұлы, тәлімгерлер тобының мүшелері Даулетова Несібелі Жапанқызы және Алимов Руслан Айтуғанұлы келді. Ардагерлер көп жылдық қызмет жолында жинақтаған мол тәжірибесімен бөлісіп, қызмет барысында кездесетін түрлі жағдай туралы әңгімелеп берді. Олар жас қызметкерлерге тәртіп пен заңдылықты сақтап, қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындаудың маңызын тілге тиек етті. Сонымен қатар, қандай жағдайда да сабырлылық танытып, адамгершілік қағидаларын берік ұстану – алға жетелейтінін жеткізді.

– Бүгінгі жүздесу – біз үшін үлкен мотивация болды дер едім. Яғни, жас қызметкерлердің кәсіби дамуына оң әсерін тигізіп, өз қызметімізге деген құрмет пен жауапкершілікті арттыра түсті. Ақылдың рухани азық екені белгілі. Осы ретте, ардагерлерге пайдалы кеңес беріп, дұрыс жөн сілтегені үшін алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта олардың сенімін ақтап, ел игілігі жолында адал қызмет етуге бар күш-жігерімді саламын, – дейді мекеменің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты Әли Сәбит.

Расында да, темірдей тәртіп бар жерде төзім мен талпыныс керек-ақ. Мұндайда қызметке енді қадам басқандарды демеп-қолдау, бағыт беру артық етпейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: