Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Тағы да жалған вакцинация паспортын сатқан екі адам ұсталды

13.08.2021

636 0

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жалған вакцина паспортын сатқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бұрын сотты болған 43 жастағы ер адам вакцина паспортын қолдан жасап, 5 мың теңгеден сатқан.

«Екпе алғысы келмеген азаматтар жалған паспорт жасату үшін оған жеке куәліктерін беріп, банктегі есепшотына сұраған ақшасын жіберген. Алаяқ компьютердегі арнайы қосымшаның және фотошоптың көмегімен вакцина паспорттарын жасады», – дейді облыстық ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 385 (жалған құжат жасау) және 190-баптары (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Семейде 15 мың теңгеге вакцина паспортын сатқан медицина мамандары ұсталған болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: