Сенбі, 21 желтоқсан, 17:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында 278 тұлға тексерілді

03.03.2021

1456 0

 Ағымдағы жылдың ақпан айының 26-і мен наурыз айының 01-күндері аралығында қала көлемінде «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп, қорытындыланды.

 Іс-шара барысында басқарманың профилактикалық және тізімдік есебінде тұратын  278  тұлға тексерілді.

 Атап айтқанда: 114-не қорғау нұсқамасы шығарылған, 48-не мінез құлқына ерекше талап белгіленген, 69-маскүнемдер, 37-нашақорлар, 7-қолайсыз отбасылар мекен-жайларынан тексеріліп, олармен профилактикалық мәні бар әңгімелер жүргізілді.

 Сонымен қатар, 17 тұлға қорғау нұсқамасы санатымен есепке алынса, 10 тұлғаның мінез құлқына ерекше талап белгіленіп есепке алынды. Ата-аналық құқығынан айыру бойынша 1 құжат коммисия отырысына жолданды. Жоспарға сәйкес, белгіленген Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодексінің баптары бойынша барлығы 58 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

 Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен (Отбасы тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)– 6, 73-1-бабымен (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) – 10, 73-2 бабымен (Ұрып соғу) – 2,127 бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау)– 1, 442-бабымен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) – 31, 440-бабымен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 8 құқық бұзушылық анықталды.

Құқық бұзушылық жасауға бейім азаматтармен қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы профилактикалық әңгіме және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

      Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: