Сейсенбі, 24 желтоқсан, 07:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Ұстаздық қызметімді полиция саласына ауыстырдым»

06.03.2022

779 0

Қазір мүмкіндіктер заманы. Сондықтан кез-келген әйел өзіне сенімді болса, ең қиын деген мамандықты меңгеруіне болады. Өйткені, ғарышкер әйел, полицей, ұшқыш, ірі жүк көлігін жүргізуші т.б. қыз-келіншектердің бүгінде ешкімді де таңғалдырмайтыны сондықтан. Соның бірі құқық қорғау саласында 20 жыл уақыт қызмет жасаған Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жедел басқару орталығының аға инспектор – кезекшісі, полиция подполковнигі Қалымбетова Қарлығаш Серікбайқызы.

«Меніңше құқық саласына, яғни осындай маңызды органда жұмыс істеуге келетін әйел өзінің қандай шешім қабылдағанын және өте жауапты жұмыс екенін алдын ала білгендіктен немқұрайлы қарамайды. Менің мақсатым – ер адамдармен жарысып жұмыс істеу емес, қоғамға титтей де болсын азаматтық үлесімді қосу. Полиция болудың да өзіндік қызығы мен қиындығы жетеді. Мұнда күн-түн демей жұмыс істеуің керек, жұмыс бабымен неше түрлі адамдармен, оқиғалармен бетпе-бет келеміз. Жаным сүйіп таңдаған мамандығым болғандықтан бар қиындығына шыдаймын», – дейді Қарлығаш Серікбайқызы.

Жолдасы Тастаев Мұхтар Тынысұлы Қызылорда облысының кірістер департаментінде бөлім басшысы қызметінде. Ұлы Нұрбек пен қызы Айдана да жоғары білім алған, маман иелері.

Қызмет барысында үздік қызметтері үшін І, ІІ дәрежелі деген төсбелгілерімен, департамент, басқарма бастығының атынан алғыс хаттар алып, марапат биігінен көрінуде.

«Ұстаздық қызметімді полиция саласына ауыстырдым. Себебі, педагогика саласында білім алып, осы білім саласында 2000 жылға дейін қызмет жасағанмын. Бұл мамандықтың қыр-сырын меңгере келе, өкінбегенімді түсіндім. Әр адам сүйікті жұмысынан ләззат алатыны рас қой. Негізі әйел полицейлер мен ер-азаматтардың қызметтегі айырмашылығы жоқ деп ойлаймын. Екеуінің де міндеті – полицияда қызмет ету, халыққа көмектесу. Әйелдерді де мылтық атуға үйретіп, төбелес машықтарына дайындайды. Жауаптылық, әділдік, жеделдік сияқты қасиеттерді кез келген тәртіп сақшысының бойында болуы тиіс», – дейді кейіпкеріміз.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: