21 мамыр күні «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры «ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеңестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту» әлеуметтік жобасы аясында «КазТрансГаз» Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалына қоғамдық бақылау өткізді. Шараға облыстық қоғамдық кеңес Нұрлан Нұрмаханов, облыстық арнайы мониторинг тобының мүшесі Майра Боранбаева, Азаматтық Альянс қызметкері Орынгүл Рашитова және «КазТрансГаз» Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалынын директор орынбасары Ермек Қалдығұлов пен сала мамандары қатысты.
Қоғамдық кеңестің кезекті мақсаты газ өлшегіштің айналымы, газдың акысы және мекеме мамандарының қызметтік этикасы мәселелеріне арналды.
«ҚазТрансГаз» Қызылорда өңірлік филиалының директор орынбасары Ермек Қалдығұловтың айтуынша, қала бойынша тұрғындардың «көгілдір отынға» берешегі 1 млрд теңгеден асып отыр. Сондықтан газдан ажырату жұмысы жүруде. Тағы бір айта кетерлігі, газды қиып кетпес бұрын 3 тәулік уақыт беріледі. Сол уақыт аралықта тым болмағанда тиісті төлемнің тең жартысын өтеу керектігін айтты. Газдың ақысына байланысты мүмкіндігі шектеулі жандарға, жалғызбасты қарттарға жеңілдік жок екенін айтып өтті. Барлық санаттағы тұрғындарға газ ақысы бірдей. Мекеме мамандарының қызметтік этикасына келер болсақ, директор орынбасары алдағы уақытта айтылған өтініш пен ұсыныстарды назарға алатынын жеткізді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!