Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жергілікті атқару органдарының жер учаскесін пайдалану құқықтарын беру актілеріне дау айту ерекшеліктері

31.08.2023

620 0

Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік кодекстің талаптарына сәйкес әкімшілік соттарда жария-құқықтық қатынастардан туындайтын жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын, жекелеген субъектілерге бекітілген жер учаскелерін  басқаруға байланысты жерді пайдалану және қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар туралы жер даулары қарауға жатады. Жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртібімен қаралады.

Жер құқықтық қатынастары мәселелерін реттейтін заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген Қазақстан Республикасының Жер кодексінен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік Рәсімдік-процестік кодексінен (әрі қарай – ӘРПК) және Қазақстан Республикасының осыған сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы өз шешімін онда көрсетілген талаптар орындалғанға дейін, мәселен, тұлға жер учаскесіне мемлекеттік акті алғанға дейін өзгертуі, жоюы мүмкін. Аталған құжаттарды алған сәттен бастап жер пайдаланушы жеке меншік, тұрақты немесе уақытша жер пайдалану түріндегі жер пайдалану құқықтарына ие болады, сондықтан құқық туралы туындаған дау сот тәртібімен ғана шешілуі тиіс.

Жер кодексінің 43-бабының 1-тармағына сәйкес, Осы Кодекстің 37-бабының 2-тармағында көрсетілген талап ескеріле отырып, мемлекеттік меншіктегі жерден, жер учаскесіне құқық беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

  1. Жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы өтінішті (өтінімді) қарауға қабылдау;

6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдауы;

7) сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу;

9) елді мекен шегінде объектілер салуға арналған жер учаскесін қоспағанда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру.

Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес жер учаскесіне құқық беруден бас тарту облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының шешімімен рәсімделеді және ол уәжді болуға тиіс.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 267-бабына сәйкес, егер мемлекеттік органның немесе лауазымды адамның заңнамаға сәйкес келмейтін нормативтік немесе жеке акт шығаруы салдарынан меншік иесінің және басқа тұлғалардың мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі құқықтары бұзылса, мұндай акт сот тәртібімен жарамсыз деп танылады. Аталған актілерді шығару салдарынан меншік иесіне келтірілген зиянды тиісті мемлекеттік орган тиісті бюджет қаражатынан толық көлемде өтеуі тиіс. Осындай негіздер бойынша меншік иесіне және жер пайдаланушыға келтірілген зияндар толық көлемде өтелуі тиіс. Осы әкімшілік істер бойынша қойылатын талап түрлері әкімшілік актіге дау айту және міндеттеу.

ӘРПК-нің 129-бабының 2-бөлігіне сәйкес дау айту жөніндегі талап қою бойынша – ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні қабылдаған жауапкерге дәлелдеу ауыртпалығы жүктелген. Осы баптың 3-бөлігіне сәйкес жауапкер әкімшілік актіде аталған негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады.

Сот тәжірибесінен жер дауларына қатысты істерді қарау барысында орын алған кемшіліктердің біріне тоқталсақ, талап қоюшы «К» фермерлік қожалығының жауапкер «Ж» ауданының әкіміне, «Ж» аудандық жер қатынастары бөлімі» КММ-не жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімін ұзартпау әрекетті заңсыз деп тануды, жер учаскесінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімін ұзарту туралы өтінішті қарауды міндеттеу және №1 қаулыны заңсыз деп танып күшін жоюды сұраған.

2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 37-бабының 2-тармағына сәйкес өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының), осы Кодекстің 43-бабы 1-тармағының 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарды қоспағанда, жер учаскесінің шекаралары өзгермеген жағдайда, ал шаруа немесе фермер қожылығын, ауыл  шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесі үшін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді пайдалану мониторингінің нәтижелері де болған кезде, осы Кодекстің 43-бабында көзделген тәртіппен жаңа мерзімге шарт жасасуға құқығы бар. Уақытша өтеулі жер пайдаланушы (жалға алушы) осындай шарт жасасу ниеті туралы жалға берушіні жалға алу шартында көрсетілген мерзімде, егер шартта мұндай мерзім көрсетілмесе, онда жалға алу шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай мерзімде жазбаша хабардар етуге міндетті. Жалға алу шартының қолданылу мерзімі өткен соң өз міндеттерін тиісінше орындаған уақытша өтеулі жер пайдаланушының (жалға алушының), егер Қазақстан Республикасының заңдарында немесе жалға алу шартында өзгеше көзделмесе, жаңа мерзімге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында артықшылықты құқығы болады.

Сотта анықталғандай 2022 жылдың қаңтар айында талап қоюшы жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішпен «Ж» ауданының әкіміне жүгінген, сәйкесінше жолданым сол күні тіркелген.

Аталған өнімге Жер кодексінің 43-бабына және ӘРПК-тің 77-бабына сәйкес жер учаскесін табыстау немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдауға құқық берілген жергілікті атқарушы органның атынан «Ж» ауданының әкімі әкімшілік  акті қабылдауға тиіс болған.

Алайда «Ж» ауданының әкімі талап қоюшының өтініші бойынша осы күнге дейін тыңдау өткізбеген және ешқандай әкімшілік акті қабылдамаған. Талап қоюшының өтініміне жергілікті атқарушы орган атынан шешім қабылдауға өкілеттілігі жоқ Бөлімнің басшысы жауап берген.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II Заңының 26, 29, 30, 33-баптарына сәйкес, әкім азаматтармен, заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынастарда тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің мүдделерін білдіреді. Сондықтан жер учаскелерін беру және оларды алып қою жөніндегі шешімдер мен әрекеттер дауланған кезде іс бойынша тиісті аумақтық бірліктің әкімі тарап болып табылады.

2022 жылдың сәуір айындағы сот шешімімен талап қоюшының талабы ішінара қанағаттандырылып, «Ж» ауданының әкіміне «К» фермерлік қожалығының жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының мерзімін ұзарту туралы арызын шешім заңды күшіне енген күннен бастап 1 ай ішінде қайта қарауға міндеттелген.

Қызылорда облысының мамандандырылған

ауданаралық әкімшілік сотының судьясы

З.Жарылқасынова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: