Бүгін Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы сотының судьялары қызметінен босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Палата отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Президенттің ұсынымын оқып берді.
ҚР Президентінің ұсынуы негізінде және конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы конституциялық заңының 22-бабына, ҚР Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы конституциялық заңының 34-бабының, 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес комитет парламент сенатына Ғабит Өмірханұлы Әлжановты, Роза Қайроллақызы Жакудинаны, Тыныштық Әмірқызы Молдахметованы орнынан түсуіне байланысты ҚР Жоғары сотының судьялары қызметінен босатуды сұрайды,
Әріптестеріміз өздеріне жүктелген жауапкершілігі мол міндетті абыроаймен атқарды. Алдағы уақытта барлық істеріне сәттілік тілейміз!, – деді Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!