Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жолаушылар тыныштығын бұзғаны үшін айыппұл арқалады

16.05.2023

636 0

2023 жылдың 16-ші мамырында Жосалы станциясынан Қызылорда облысының 37 жастағы тұрғыны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін №33 «Алматы-Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызының бастығының актісімен тиісті шара қолдану үшін поездан түсірілген. Аталған азамат жол жүру барысында ішімдік ішіп, қоғамдық орында адамның қадір қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтындай мас күйде болып түн тыныштығын бұзған.

Аталған дерек бойынша Жосалы станциясындағы көлік полиция қызметкерлерімен әкімшілік құқық бұзушы азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабының 1-бөлігі бойынша қоғамдық орында алкогольді ішімдік ішіп мас күйде жүргені үшін және ҚР ӘҚБтК 437-бабының 1-бөлігі бойынша түнгі уақытта тыныштықты бұзу әрекет жасағаны үшін 2 әкімшілік хаттама толтырып 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: