Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:03

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№102 – 2112
28.12.2024
PDF мұрағаты

Жүргізуші мектеп автобусын мас күйде айдаған

26.01.2024

520 0

Фото: Н.Нұржаубай

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мектеп автобусын мас күйде басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақжар ауданында тәртіп сақшылары мектеп автобусын тексерді, онда 10 және 12 жастағы екі оқушы, сондай-ақ мұғалім болған.

«Жүргізушіден алкогольдің иісі шығып тұрды. Медициналық куәландыру оның мас күйде екенін көрсетті», – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша материал жиналды.

Сот шешімімен 45 жастағы жүргізуші 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: