Сейсенбі, 03 наурыз, 19:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Жыныстық тиіспеушілік санатындағы істер бойынша өзгерістер: заңнама мен сот практикасының жаңа бағыты

03.03.2026

32 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қазақстанда адамның жыныстық тиіспеушілігі мен жыныстық бостандығына қарсы қылмыстарға қатысты құқықтық реттеуді күшейту бағытында бірқатар маңызды өзгерістер қабылданды. Бұл қадамдар қоғамдағы алаңдаушылықты ескере отырып, жәбірленушілердің құқықтарын қорғауды күшейтуге және сот практикасын біріздендіруге бағытталған.

Заңнамалық өзгерістердің негізгі мәні

Жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстар Қылмыстық кодексте ерекше санат ретінде қарастырылады. Соңғы өзгерістер аясында:
• кәмелетке толмағандарға қатысты жыныстық қылмыстар үшін жауапкершілік күшейтілді;
• ауырлататын мән-жайлардың тізбесі кеңейтілді;
• жыныстық сипаттағы әрекеттерді саралау өлшемдері нақтыланды;
• қылмыстың қайталану қаупін төмендетуге бағытталған қосымша шаралар енгізілді.

Мамандардың айтуынша, бұл түзетулер құқық қорғау органдары мен соттарға істі неғұрлым нақты әрі әділ қарауға мүмкіндік береді.2026 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жыныстық тиіспеушілік пен жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар бойынша сот практикасына қатысты нормативтік қаулы қабылдады. Құжатта зорлық ұғымын қолдану, жәбірленушінің келісімін бағалау, дәлелдемелерді жан-жақты зерттеу және сараптамалардың маңызын ескеру тәртібі нақты көрсетілген.

Бұл қаулы сот шешімдерінің біркелкі болуын қамтамасыз етіп, құқық қолдану тәжірибесіндегі қайшылықтарды азайтуға бағытталған.

Жазаны қатаңдату және бақылау тетіктері

Өзгерістер аясында ауыр жыныстық қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қосымша ықпал ету шаралары көзделген. Атап айтқанда, сот шешімімен химиялық кастрация қолдану, сондай-ақ жазасын өтегеннен кейін әкімшілік бақылау енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл шаралар қылмыстың қайталануын болдырмауға және қоғамдық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

А.Изтелеуова,

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: