Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Әлемде 130 миллион қазақ бар екен

01.03.2021

19072 0

Ғаламторды ақтарып отырып мына бір деректі көзім шалып қалды. Қаншалықты шындыққа жанасатынын білмеймін. Дегенмен қарап шығыңыз, бұл мәліметтер сіздерді де қызықтырады деген ойдамын. 
Бүкіл әлемде 17,500,000 аса Қазақ бар.

 Ең көп таралған елдер 1)Қазақстан 11,385,000 3)Қытай 2,200,000 2)Өзбекстан 2,500,000 4)Ресей 1,310,000 5)Моңғолия 145,000 6)Түрікменстан 120,000 7)Қырғызстан 45,000 8)Түркия 30,000 9)Ауғанстан 30,000 10)Германия 17,000 11)Иран 11,000 12)Тәжікстан 10,000 13)АҚШ 10,000 14)Украина 6,000 15)Пәкістан 5,000 16)Канада 5,000 17)Әзірбайжан 3,000 18)Грузия 3,000 19)Молдова 3,000 20)Ұлыбритания 2,000 21)Сауд Арабиясы 2,000 22)Франция 2,000 23)Литва 2,000 24)Беларусь Республикасы 1,500 25Армения 1,000 26)Эстония 1,000 27)Египет (Мысыр) 1,000 28)Аргентина 1,000.

Әлемнiң 55 елiнде 17,5 млн. қазақ бар (18.10.2014).

Қарап отырғандарыңыздай, бұл 2014 жылғы мәлімет екен. Одан бері алты жыл өткенін ескерсек, Құдай қаласа қазақтардың саны 20 млн-ға жетіп қалған шығар.

Әлемде 130 миллион қазақ бар екен

Бұл ресми деректер ғана. Шын мәнінде әлемде қанша қазақ барын ешкім білмейді. Кеңес өкіметі құрылар кезде қаншама бауырымыз шекара асып кетті. ХХ ғасырдың басына дейін біздің жер болып келген біраз аймағымыз көршілес мемлекеттерге өтіп кетті. Мәселен, Ресейге Орынбор, Өзбекстанға Ташкент, ал Қытайда бүтін бір Шығыс Түркістанның көлемді бөлігі қалып қойды. Ол жерлерде өмір сүріп жатқан қазақтар байырғы ата-бабаларының елінде қалды. Өзінің кіндік қаны тамған, анасы ұл-қызын өсірген, әкесі атамекенін жаудан қорғаған жерде жүр. Бұл аймақтарда тіркелген қазақ пен санақ кезінде есепке алынбаған бауырларымыз болуы да ғажап емес. Тіпті Өзбекстанда төлқұжаты бойынша өзбек болып жүрген қандастарымыздың да бар болуы ықтимал. Несін жасырамыз Қытай, Моңғолия, Қырғыз елі секілді қазақтар көп шоғырланған аймақтарда да Өзбекстандағы жағдайдың қайталануы да мүмкін ғой. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, қазір әлемдегі қазақтардың саны 50 миллионға жуық көрінеді. Лайым солай болсын.

 Бір кездері Түркияның премьер-министрі болған Ахмет Дәуітоғлы елімізге арнайы сапарында түрік пен қазақты туыс, қаны да, жаны да бір ұлыстар ретінде бейнелеп «Түркияда мені қосқанда 78 миллион 600 мың қазақ бар» – деп ағынан жарылған еді. Осымен қосқанда әлемдегі  қазақтардың саны 130 миллионға жуықтап қалады.

Біз күшті болуымыз керек, күшті болу үшін көп болуымыз қажет. «Көп қорқытады, терең батырады» – деген сөзді ұмытпағанымыз жөн. Уа, Аллам, қазақтардың санын қытайлардан кем қылма.

Әзиз ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: