Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Ағаштан ою ойған…

14.02.2023

4147 0

Әлем тарихындағы ең керемет өнер қолөнер десек те болады. Шеберлік пен қызығушылықты талап ететін жұмыстың қиындығы жетерлік. Мұнда халықты таңғалдыру үшін қабілетті болу керек.

Ақпанның 10-шы жұлдызында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен қолөнер шебері Пахриддин Садықовтың «Қолөнерден – өнеркәсіпке» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Ағаштан ою ойған...

Ұлттық өнерді насихаттау, қол­өнер шеберіне қолдау көрсету шараның басты мақсаты болды. Көрмеге көптеген өнерсүйер қауым жиналды. Аталған шараның ашылу салтанатына Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Жомартқызы, Қазақстан Республикасы «Мәдениет саласының үздігі» Қазақстан Суретшілер, Қол­өнершілер одағының мүшесі Жәнібек Маханбетов Асанұлы және Жаңа­қорған ауданының мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Әбілқайыр Сыздықов, Павлодар об­лысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қызметкері Перизат Құрманәліқызы қатысты.

Ағаштан ою ойған...

– Қолөнер – ықылым заманнан қазақ халқының өнері десек те болады. Бұл – біздің тарих. Қазіргі таңда сіздің туындыларыңызды республика көлемінде насихаттап жатыр­мыз.  Біз сізге алдағы уақытта да қолдау көрсеткіміз келеді.  Шеберлігіңіз арта берсін, ісіңіз берекелі болсын, – дейді Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова.

Мұнан соң қолөнерші Пахриддин Садықовқа алғыс хат пен арнайы сыйлық табыс етілді.

Ағаштан ою ойған...

Көрмеде 40-тан аса кәде­сый мен ағаш бұйымдары бол­ды. Шебер мүсін­дерді керемет ою­лап, өрнектеген екен. Көпшіліктің назары қобыз аспабына ауды. Мүсіншінің осы аспаппен байла­нысты  туын­ды­лары астарлы ма­ғынаға ие десек те болады. Мә­селен, «Тұлға» атты мүсінін  «қобыз – ділі­міз, домбыра – тіліміз, шаңырақ – дініміз» екенін түсіндіру мақсатында ойлап тапқан.

Қолөнер – мәдениетіміз. Кешеден бүгінге, бүгіннен ертеңге өмір бар. Бұл дегеніміз атадан балаға мирас болған – аманат. Әрбір қазақтың салт-дәстүрі, ар-ұжданы, қадір-қасиеті болмысы  басты арманымыз болуы керек. Осы мақсатқа жету үшін ұлттық болмысты сақтап, жас ұрпаққа насихаттау біздің парызымыз, – дейді Пахридфдин Шәмшідінұлы.

Қолөнер шебері 37 жылдан бері қасиетті өнерді серік етіп келеді. Бала кезіндегі қызығушылығы, уақыт өте келе кәсібіне айналған. Қазіргі таңда өзі  шәкірт тәрбиелеуде.

Нұрдәурен ЖӘРДЕМХАН,

Қорқыт ата атындағы ҚУ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: