Сенбі, 28 желтоқсан, 11:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Академик, сыншы Мұхамеджан Қаратаевтың жары Мархуманың естелігінен

30.03.2021

12996 0

Менің бүкіл ғұмырым Мұхаңды тосумен өтті. 1938 жылдың түнінде Мұқаңды ұстап, алып кетті. Жас балаларыммен жылап қала бердім. Үйімізді тінтіп, бір бөлмеде ғана отыруға рұқсат етіп, қалған бөлмелерді сүргілеп, жауып кетті. Бір әскери адам келіп тексеріп кетеді. Күнде емшектегі баламды көтеріп алып, Мұхаңды іздеп түрмеге барып, жүріп-жүріп, сілем қатып шаршап қайтамын. Ешкім ешқандай дерек айтпайды. Бір рет қана апарған тамағымды қабылдады. Тірі екенін содан білдім.
Мұхаңның Кәрім атты інісі ҚазПИ-де оқып жүрген. «Халық жауының інісі» деп оны да оқудан шығарып жіберді. Кәрім дереу оңтүстік өңіріне бой тасалап кетті. Ол сол жақтан хабарласып: «Балаларды алып, осында кел», – деді. Сол уақытта халық жауларының әйелдерін де ұстай бастады. Үш баламмен поезға отырып, оңтүстікке жол тарттым. Балаларды Кәрімнің қасына жайғастырып, Мұхаңның дерегін білейін деп қайта Алматыға келдім. Мұхаңның Семей түрмесіне ауыстырылғанын естіп, бір түрлі тоналған адамдай жасып, кері қайттым.
Мұхаң Красноярдың Кан деген ауданына барыпты. Сол арада лагерь бар екен, 1937-38 жылдары ұсталғандардың көбі сонда. Бәрін ағаш кесу жұмысына салыпты. Мұхаң ол кезде 26 жаста.
1946 жылы күзде Сібірден Мұхаң оралды. Мұхаңа Алматыда тұруға рұқсат жоқ, Жамбыл қаласына көшіп келдік. Бір жаз бойы Мұқаң үй салып, кіріп алдық. Мұқаң мектепте қазақ әдебиетінен сабақ беруге көп қиындықтардан кейін рұқсат алды.
Сегіз жылғы Сібірдің сергелдеңі аздай, Мұхаңды 1951 жылы көктемде тағы алып кетті. Бұл жолы Красноярдың Сухобизимо деген ауданына барыпты. Ол кейін хатында жеке шағын пәтерде тұратынын жазыпты. Бірден неге Мұхаңның қасына барып тұрмасқа деген ойға келдім. Не де болса Мұхаңның артынан барайын деп, жолға шықтым. Сібірдің қарапайым, ақжарқын жандары маған көп көмектесті. «Күйеуімді іздеп келе жатырмын» деген соң аяй, жанашырлықпен қол ұшын берді. Мұхаңды тауып, Сібірдің суығында ауыртпай, бағып күттім.
Сталин дүние салған соң, «айдалғандар қайтатын болыпты» деген хабар тарады. Мұхаңды да босатқан соң, бірден Алматыға бет түзедік. Осылайша жасымыз қырықтан асқанда бәрін қайтадан бастауға тура келді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: