Жуырда «Тағзым» алаңында Тәжік-Ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске алу шарасы өтті.
Шарада Тәжік-Ауған шекарасында қаза болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды. Сондай-ақ ерлікпен қаза тапқан боздақтардың рухына құран бағышталды. Мұнан соң бірқатар ардагер қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Шара барысында қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Парасат Болатұлы:
– Отан алдындағы борышын адал атқарып, жанқиярлық ерлік көрсетіп, азаматтық парызын өтеп қайтқан жауынгерлерінің алдында кімде-кім болмасын басын иіп, тағзым етеді. Құрметті ардагерлер, сіздерге ұзақ ғұмыр, денсаулық, отбасыларыңызға бақыт тілейміз – деп жылы лебізін білдірді.
Айта кету керек, қала күні мерекесі аясында ұйымдастырылған «Мейірімді қала – Қызылорда» атты қайырымдылық акциясында Тәжік-Ауған соғысы ардагерлерінің отбасына азық-түлік қоржыны таратылды.
А.БЕРДІБАЙҰЛЫ
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!