Жұма, 22 қараша, 14:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№92-2102
19.11.2024
PDF мұрағаты

Байтұрсыновтың әліпбиі де Қызылордада басылған

10.10.2023

20485 0

Туған өлкеміз тарихтың да, мәдениеттің де, өнердің де бастауында тұр. Арғы-бергі тарихқа тым тереңдемей-ақ Қызылорда астана болған шақтағы ұрпақ қамы үшін жасалған еңбектің өзін айтып тауысу мүмкін емес.

Архив деректеріне үңілсек, 1925-1929 жылдары көптеген қаламгерлердің кітабы Қызылордада басылған екен. Кітап туралы сөз қозғалғанда ойымызға ең бірінші кітапхана түсетіні жасырын емес. Қызылорда астана болған уақытта Сыр өңірінен қандай кітаптар шыққанын білу үшін облыстық кітапханаға барып, бірнеше туындыны оқыдық. Байыптап қарасақ, Ахмет Байтұрсыновтың «Әліп Би» (Жаңа құрал) атты еңбегі 1926 жылы Қызылордада басылыпты. Бұл кітап осы күнге дейінгі жарық көрген басқа да әліппелердің бастауы екенін ұмытпау қажет.

Бұдан бөлек Сәкен Сейфуллиннің «Тұрмыс толқынында», «Жер қазғандар», «Экспресс» атты туындылары, Ілияс Жансүгіровтің «Сықақ», «Шәркей», «Сағанақ», «Жаңқа» атты кітаптары да Қызылорда астана болған кезде осы қаладан шыққан. Бүгінгі психологтар негіз ететін Жүсіпбек Аймауытовтың «Психология» атты еңбегі де, Тұрар Рысқұловтың «Қазақстан» атты туындысы да Қызылордадан шыққан. 1929 жылға дейін жарық көрген кітаптардың кейбірі төте жазумен басылған. Бұл еңбектер бүгінде Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың «Сирек қорлар» бөлімінде тұр. Бұл жерде Ораз Исаев пен Смағұл Сәдуақасовтың да дүниелері бар екенін айта кеткен жөн.

Қызылорда елдің бас қаласы болған кезде Мұхтар Әуезовтің «Әдебиет тарихы» атты кітабы жарыққа шыққан. Бұл кітап басылған соң көп өтпей «сотталып» түгел дерлік жиналған екен. Қызылжағалылар барлық кітапты жинағанына сенімді болғанда өртеп жіберген. Тек бір данасы Ғабит Мүсіреповте сақталыпты.  Бүгінде оқып жүрген Әуезовтің «Әдебиет тарихы» бізге Ғабит Мүсіреповтің арқасында жеткен.

Ә.ЖҰМАДІЛДӘҰЛЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: